Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен мансабын «Атырауда» жалғастыруы мүмкін.
«Мұнайшылардың» жаңа директоры Әлішер Апсалямов 25 жастағы Әбікенмен алматылық клубта бірге жұмыс жасаған және Константин Горовенко бас бапкер болып тағайындалғанға дейін футболшымен келіссөздер жүргізген.
Жартылай қорғаушы Құрбан Бердыевтің ойын жүйесіне сәйкес келмегендіктен, команда ауыстыруға қарсы емес.
Айбол өткен маусымда «Қайрат» жейдесінде 38 ойынға қатысып, 5 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET