Жарнама
Жарнама

Айбол Әбікен төрт жылға футболдан шеттетілді

31.07.2022, 15:34
Айбол кәсіби футболға тек 30 жасқа толғанда қайта орала алады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан ұлттық құрамасының 26 ​​жастағы жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен төрт жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Қазақстанның допингке қарсы орталығының ресми сайты.

Әбікен допинг-тесттен Қазақстан құрамасының басқа ойыншыларымен бірге наурыз айының соңында Ұлттар лигасындағы Молдовамен болатын плей-офф матчы қарсаңында өткен еді. Сараптама нәтижесінен бейхабар болған 25 жастағы жартылай қорғаушы екі кездесуде де алаңға шығып, ұлттық құраманың жеңісіне өз үлесін қосты. Сәуірде Әбікен «Ақсу» сапында үш ойын қатарынан гол соқты. Ал мамыр айының басында оның қанынан тыйым салынған мельдоний препаратының табылғаны белгілі болды.

Енді Әбікен кәсіби футболға 2026 жылдың 29 сәуірінен кейін ғана, яғни 30 жасында қайта орала алады.

Айбол осы маусымның басында «Қайраттан» «Ақсуға» жалдау шарты бойынша ауысқан еді. Содан бері Премьер-лигада жеті матчқа қатысып, үш мәрте мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, бұған дейін «Аль-Айнда» өнер көрсеткен Бауыржан Исламхан мен «Тобыл» қорғаушысы Руслан Валиуллин допинг дауына байланысты екі жылға футболдан шеттетілген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров