Жарнама
Жарнама

Айбол Әбікен «Қайсар» сапына ауыспақ

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен алдағы маусымды «Қайсар» сапында өткізуі мүмкін. Тәжірибелі футболшы осы күні қызылордалық клубпен бірге Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды.

Жарнама
Жарнама

Екі жыл «допинг» дауымен шеттетілген Айбол былтыр дисквалификациясы аяқталып, ұзақ үзілістен кейін Шымкенттің «Ордабасы» командасында кәсіби мансабын жалғастырған болатын. 28 жастағы футболшы шымкенттіктер сапында ҚПЛ-да 15 ойын өткізіп, екі рет қызыл қағаз алып алаңнан қуылған. Нәтижелі пас немесе гол соқпаған. Десе де, бойы 190 см болатын жартылай қорғаушы әлі өз бабына толық келген жоқ. «Қайрат» клубында жасындай жарқыраған Әбікеннің екінші тынысы «Қайсарда» ашылады деген сенім бар. Бұл ойыншыға Виктор Кумыков қызығушылық танытып, өз командасында көргісі келеді. Бірақ, қос тарап әлі нақты шешімге келген жоқ. Оқу-жаттығу жиыны барысында келісім-шартқа қол қойылуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров