Жарнама
Жарнама

Айболат МАҚҰЛОВ: "Халықтың баласы болғым келеді"

07.12.2012, 18:14
Жарнама
Жарнама
 

– Бразилияға кімнің баласы барса да, бәрі де дарынды. Олай бөлген дұрыс емес. Іріктеу әділ өтті. Бразилияның өзінен мамандар келіп, бақылап отырды. Бәріміздің де әлеуетіміз бірдей.

    Айболат МАҚҰЛОВ Бразилияда тәлім алып жүрген қазақстандық вице-капитаны. Шабуыл шебінде ойнайтын бұл қазірдің өзінде болашағынан мол үміт күттіреді. Команданың үздік сұрмергені. Болашақта Қазақстан ұлттық құрамасын әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шығаруды армандайтын Айболат Бразилияға тек дарынды жеткіншектер тәлім алуда деп сендірді.

– Айболат, сіз үшін іріктеу кезеңдері қаншалықты қиын болды? – Өзім Атырауданмын. Осыдан төрт жыл бұрын Бразилияға жас футболшылардың аттанғанын естігенде менің де арманым осы елге бару болатын. Былтыр іріктеудің болатынын естіп, әкеме айтып едім, қарсы болмады. Содан командамен бірге Шымкентке барып, бапкерлердің көзіне түстім ғой.

– Ал әке-шешеңіз қандай қызметте? – Әкем «Қазақстан теміржолы» компаниясының Атырау вагон пайдалану депосында вагон қараушы қызметінде. Жиырма жылдан асыпты жұмыс ауыстырмағанына. Өзімнен үлкен әпкем бар. Тұрмыс құрған. Былайша айтқанда, отбасымыз қарапайым. Айына осынша ақша жібереді деп айта алмаймын. Жағдайға қарай ғой. Қолдарынан келгендерінше көмектесіп жатады. – Мұны сұрап жатқан себебіміз, кейбір жұрт Бразилияға тек байдың балалары ғана барады деп жатады... – Кімнің баласы барса да, бәрі де дарынды. Олай бөлген дұрыс емес. Іріктеу әділ өтті. Бразилияның өзінен мамандар келіп, бақылап отырды. Бәріміздің де әлеуетіміз бірдей. – Ал футболмен қашаннан бері айналысасыз? – Кішкентайымнан допқа құмар болдым. Тіпті мұғалімдер де ата-аналар жиналысында «балаңыз дәлізде доп теуіп жүреді» деп арызданады екен. Содан марқұм шешем қолымнан жетелеп футболға апарған болатын. Үнемі менің жанкүйер болып жүретін. – Бразилияда тоғыз айдың ішінде 26 ойынға қатысып, 17 гол соғыпсыз. Қазақстандық команданың үздік сұрмергені екенсіз. Демек, шабуылшысыз ғой... – Иә, негізінен шабуыл шебінде ойнаймын. Дегенмен бапкерлер әр кезде әр қапталда тексеріп көріп жатады. Өзіме алғы шеп ұнайды. – Жалпы, «Оле Бразил» академиясының жағдайы қалай? Шынымен де басшылар айтып жатқандай керемет пе? – Шынын айтсам, Қазақстанда мұндай академияны көрген емеспін. Ол жақта бәрі кәсіби деңгейде. Ұсақ-түйектің барлығына да мән берілген. Үш синтетикалық, екі табиғи алаңы бар. Сапалары керемет. Ал тамыз айынан бастап, біз «Ботафого социал институтында» тәлім алдық. Ал «Ботафогоның» жағдайы тіптен тамаша. – Академияда тәлім алып жатқан сіздерден бөлек, басқа елдің командалары бар ма? – Әлбетте, бар. Мәселен, бізбен бірге мемлекеттік бағдарламамен Қытай, Гаити және Бенин елдерінің жас футболшылары оқуға қабылданды. Бәріміз бір қонақүйде тұрамыз. – Айболат, енді арманыңмен бөліссеңіз... – Халықтың баласы болғым келеді. Болашақта Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнап, әлем чемпионатында өнер көрсетуді армандаймын. алаш арена
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров