Жарнама
Жарнама

Айброкстағы айқас – “Рейнджерс” Ислам Чесноковтың Шотландия чемпионы болуына кедергі келтірмек

Бүгін, 07:16

Шотландия Премьер лигасының чемпиондық бәйгесі қайта қызды. Турдың орталық матчында "Рейнджерс" өз алаңында турнир кестесінің көшбасшысы "Хартсты" қабылдап, 4:2 есебімен маңызды жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Чесноковтың негізгі құрамдa

Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты жаңалық — Ислам Чесноковтың "Хартс" сапында қатарынан екінші рет негізгі құрамда шығуы. Бұл оның Шотландық клубтағы үшінші ойыны еді. Алайда, отандасымыз үшін кездесу ұзаққа созылмады. Бірінші таймнан кейін бапкер Исламды алмастыруды жөн көрді. 45 минут ішінде Чесноков белсенді болғанымен, команданың екінші таймдағы тактикалық өзгерістеріне байланысты қосалқы құрам орындығына жайғасты.

Айброкс стадионындағы голдар шоуы

Ойын нағыз голеадаға айналды. "Хартс" сапынан қаңтардағы жаңа ойыншы Марк Леонард алыстан гол соғып, есеп ашқан болатын. Бірақ "Рейнджерстің” жауабы көп күттірмеді: "Хартс” қорғаушысы Михаэль Штайнвендер өз қақпасына гол соғып алды.

Көп ұзамай Клаудио Брага қонақтарды қайта алға шығарғанымен, "Рейнджерстің” Португалиялық шабуылшысы Юссеф Шермити бірінші тайм аяқталмай жатып таразы басын теңестіріп кетті.

Шермитидің бенефисі және чемпиондық жарыс

Екінші таймда алаң иелері тізгінді толықтай өз қолдарына алды. Ойынның батыры — хет-трик авторы атанған Юссеф Шермити. Ол алдымен Андреас Сков Ольсеннің пасынан кейін баспен гол соқса, ойын соңында Жеиди Гассаманың еңбегін голға ұластырып, нүкте қойды.

Бұл жеңістің маңызы қандай?

"Рейнджерс" көшбасшы "Хартспен” арадағы ұпай алшақтығын 2-ге дейін қысқартты.

Бапкер Дэнни Роль келгенде команда 13 ұпайға қалып қойған еді, енді олар титулға бір табан жақын.

Ислам Чесноков үшін бұл — үлкен тәжірибе. Негізгі құрамға бекітілу үшін ол келесі ойындарда барын салуы тиіс.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров