35 жастағы ойыншы ендігі мансабын футзалмен жалғастырады.
Futsalqazaqstan дерегінше, Айдос жақын аралықта футзалдан Қарағанды клубына ауысады екен.
Еске салсақ, Тәттібаев өткен маусымда Бірінші Лигада “Шахтер” сапында өнер көрсеткен. 35 жастағы ойыншының Қарағандылық команда құрамында 200-ден астам ойыны бар. Одан тағысы, тәжірибелі шабуылшы “Гефест”, “Болат”, “Тараз” және “Каспий” ұжымдарында доп тепті.
Айта кетейік, Айдос өнер көрсеткелі жатқан футзалдан “Қарағанды” клубы 2025 жылдың 8 тамызында Қазақстанның футзал қауымдастығының қолдауымен құрылды. Дәл сол тамыз айында команда Ел кубогыне қатысып, Д-тобында 3 ойынның 2 жеңіске жетті.
Біздің серіктес: FONBET