Жарнама
Жарнама

Әйелдер кеңесі жөніндегі мәслихат өтті

03.02.2012, 03:33
Жарнама
Жарнама
ҚФФ-тың Алматыдағы кеңсесінде әйелдер футболы жөніндегі мәслихат өтті.   Мәслихатқа ҚР біріншілігінде өнер көрсететін командалардың және Қазақстан аймақтарындағы балалар спорт мектептерінің өкілдері қатысты. Басты көтерілген мәселе 2012 жылғы турнирлер регламенті мен спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбесі жөнінде болды. ҚР біріншілгінің күнтізбесіне жоғары бағасын берген өкілдер осыған байланысты аздаған өзгерістерін де ұсынды. Нақты айтсақ, Қазақстан чемпионатының турларындағы қосарланған ойындарды екі күн қатарынан емес, күнара өткізуді ұсынды. 2012 жылғы спорттық шаралардың күнтізбелік кестесіне республикалық турнирлермен қоса, халықаралық додалар да кіреді. Ұлттық құрама өз алаңындағы қалған екі матчын (Германия және Швейцарияға қарсы) 15 және 19 қыркүйекте өткізеді. Ал Румыния және Испанияға қарсы сырт алаңындағы кездесулерін сәйкесінше, 31 наурыз бен 5 сәуірде өткізеді. Сондай-ақ, Еуропаның іріктеу турнирлерінде Қазақстанның U-17 және U-19 қыздар құрамасы да қатысады.  Биыл Қазақстан чемпионы "БИИК-Қазығұрт" командасы УЕФА-ның Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Республикалық додалар қатарына клубтық командалар арасындағы ҚР-дың чемпионаты, Ел кубогі және бес жас аралықтарындағы балалар спорттық мектептерінің арасындағы турнирлер кіреді
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров