Жарнама
Жарнама

Аймбетов пен Зайнутдинов жазда Түркиядан кетеді

18.04.2025, 18:00

Түркия чемпионатының аяқталуына екі айға жетер жетпес ғана уақыт қалды. Маусым аяқтала сала Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары – Бақтиёр Зайнутдинов пен Абат Аймбетов жазда бұл елден ат-тонын ала қашуы бек мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Бахтиер Зайнутдинов:

Ол маусымның екінші жартысын толықтай дерлік жарақатпен өткізді. Командаға көмектесе алған жоқ. Контракті 2027 жылға дейін жарамды болса да, клуб та, өзі де келісімшартты бұзуға қарсы болмайтын сыңайлы. Ала допты ала қашатын кез келген секілді.

Абат Аймбетов:

Оның командасы әлде қашан екінші лигаға түсіп қалған яғни келесі маусымда Түркияның Супер лигасында ойнамайды. Абаттың контракті осы жазда аяқталады. Жаңа маусымды Түркияда қарсы алуы екіталай. Клуб жағдайы мәз емес, сондықтан Аймбетов те қала қоймас.

Тағы бір себеп – “Түрік заңының” жойылуы. Бұрын қазақ ойыншылары легионер болып саналмайтын. Енді бұл жеңілдік тарих қойнауына кетті. Жаңа келісімшарттар шетелдік статуспен есептеледі.

Қысқасы, екеуінің де ендігі бағыты басқа жақ болмақ.

Айболат Өнер

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров