Бундеслиганың 14-туры аясында мюнхендік “Баварияны” қабылдаған “Айнтрахт” қонақ команданы 5:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
“Дойче Банк Парк” стадионында өткен аталмыш кездесудің алғашқы таймында алаң қожайындары Омар Мармуш, Эрик Жуниор Эбимбе және Хуго Ларссонның көмегімен есепті 3:0 жеткізді. Алайда ойынның алғашқы бөлігінің бітуіне сәл қалғанда қонақ команда ойыншысы Йоззуа Киммих таблодағы есепті 3:1 өзгертті.
Кездесудің екінші таймының басында Эбимбе дубль авторы атанды. Бұл матчтағы голдардың нүктесін франкфурттықтардың жас ойыншысы Ансгар Кнауфф қойды. Қорытындысы есеп: 5:1.
Бундеслигада 32 ұпай жинаған “Бавария” турнирлік кестенің екінші орнында келеді. Ал бүгін жеңіске жеткен “Айнтрахт” болса, 18 ұпаймен 7 орында тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET