Соңғы күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтанның үйленетіндігі туралы жарыса жазуда. Тіпті Елбасы немересінің қалыңдығына сырға салуға өзі барыпты. Қалай десек те жағымды жаңалық ортақтасуға, сүйінші сұрауға лайықты...Енді екі жас туралы айтар болсақ, олар бірін-бірі жақсы таниды екен.
23 жастағы Айсұлтан Назарбаев Лондонда Кортолд өнер университетінде өнер тарихы бөлімінде оқитын Әлима Боранбаевамен отау құрмақшы.
Әлиманың әкесі – «ҚазРосГаз» ЖШС-ның бас директоры Қайрат Боранбаев (белгілі актері Әнуар Боранбаевтың ұлы). Айсұлтан Назарбаев кезінде Ұлыбританияда әскери академияда білім алған. Елге оралысымен лейтенант шенінде Қорғаныс министрлігінде әскери барлау жүйесінде қызмет атқарған. Бозбала Англияда жүргенде «Портсмут», «Челси» футбол клубтарының жастар құрамында ойнап, жұртты елеңдеткен-ді. Жалпы, Айсұлтан мен Қайраттың арасын жақындатқан футбол көрінеді. Әрі Қайрат Боранбаев Тимур Құлыбаевтың жақын достарының бірі көрінеді.Біздің серіктес: FONBET