Жарнама
Жарнама

Айымбетов Аустрияға қарсы ойынға қатыспайды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы санаулы сағаттардан кейін Аустрияда алаң иелеріне қарсы Ұлттар лигасы аясындағы кезекті ойынын өткізеді. Станислав Черчесов кеше матч алдындағы баспасөз мәслихатында қағаз жүзінде аустриялықтар мықты, ойыны сойқан деп жергілікті журналистердің алдында қарсыласын әбден мақтаған болатын. Бірақ, мұртын сипап, миығынан күліп жауап берген Саламұлының ойында басқа жоспар тұрғандай көрінген.

фото ашық дерек көзден алынды
Жарнама
Жарнама

Жана әзірде УЕФА сайты қос команданың бүгінгі ойынға қатысатын құрамын жариялады. Черчесовтің таңдаған тізімінде Абат Айымбетовтің жоқтығы бірден көзге түсті. Бас бапкер бұл кездесуге шабуылшылардан Артур Шушеначев пен Айбар Жақсылықовты ғана қосыпты. Демек, Абатты Аустриямен ойында шаршатпай, Алматыдағы Словениямен ойынға тың шығаруды көздеген секілді. Сондай-ақ, бірінші рет шақырту алған Жан-Али Пайруз бен Әділбек Жұмаханов және қақпашы Бекхан Шайзада бүгінгі «Райффайзен Аренадағы» матчқа қатыса алмайды. Жалпы толық тізім мынадай:

Қақпашылар: Стас Покатилов, Игорь Шацский, Александр Заруцский.

 Қорғаушылар: Ұлар Жақсыбаев, Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Марат Быстров, Асхат Балтабеков, Әлібек Қасым, Ян Вороговский, Сұлтанбек Астанов, Лев Скворцов.

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Айбол Әбікен, Рамазан Оразов, Бауыржан Исламхан, Максим Самародов, Аслан Дарабаев, Андрей Ульшин, Бахтиер Зайнутдинов, Ислам Чесноков.

Шабуылшылар: Айбар Жақсылықов, Артур Шушеначев.

Және де бізге келіп жеткен инсайдқа сенсек, Станислав Черчесов Словенияда өткен матчтан кейін анализ жасап, бұл ойынға 5 қорғаушы емес 4 қорғаныс жүйесін қолданбақшы. Біздің ойымызша бас бапкер бүгін негізгі құрамға мына футболшыларды шығаратын сияқты. Орталық қорғаушылар Қасым мен Марочкин, оң қапталда Быстров, сол жағында Әліп. Жартылай қорғаныс, ортада Асхат Тағыберген мен Рамазан Оразов ойнаса, сол қапталда Ян Вороговский, оң қапталда Ислам Чесноков және сәл шабуыл шебіне жақын Бахтиер Зайнутдинов алаңға шығуы мүмкін. Ал жалғыз форвардтың міндетін Максим Самародов атқарады деген болжам бар.  

Айта кетейік, Аустрия – Қазақстан арасындағы кездесу Астана уақытымен сағат 23-45 басталады. Бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар.

 

 

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров