Жарнама
Жарнама

Айыппұл арқалаған «Астана» еурокубоктен шеттетілуі мүмкін

04.12.2021, 16:29
Елордалық клуб екі ай ішінде айыппұлды төлеуі тиіс.
Жарнама
Жарнама

УЕФА еуропалық сегіз клубқа, оның ішінде елордалық «Астанаға» да жаза тағайындады, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.

«Астанаға» кредиторлық берешегін кешіктіргені үшін 150 мың еуро айыппұл салынды.

Елордалық клуб 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін қарызын өтемесе, УЕФА «Астананы» үш жылға дейін еурокубок бәсекесінен шеттетеді.

Тізімге қазақстандық клубтан бөлек, «Порту», ​​«Спортинг», «Санта Клара» (барлығы – Португалия), «Реал Бетис» (Испания), «ЧФР Клуж» (Румыния), ЦСКА (Болгария), «Монс Кальп» (Гибралтар) командалары кірді.

Айта кетейік, келесі маусымда «Астана» Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров