«Тұран» 23 жастағы қазақстандық қорғаушы Сырбай Мәуленмен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты.
Сырбай 2021 жылдан бері «Академия Оңтүстіктің» намысын қорғап келеді. Аталмыш команда үшін осы маусымда 10 матч өткізіп, 1 гол соқты. Футболшы 2018-2021 жылдар аралығында «Қыран» сапында өнер көрсетті.
23 жастағы қорғаушы түркістандық клубта 99-нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.
Біздің серіктес: FONBET