Жарнама
Жарнама

“AKAS” клубы Бірінші лигадағы орнын босатпақ

30.11.2025, 21:25

Алматылық "AKAS" клубы алдағы маусымда Бірінші лигада ойнаудан өз еркімен бас тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

"ЖаркOFF" телеграм арнасының хабарлауынша команда басшылығы бір қадам төмен тұрған дивизионға түсіп, басымдықты жергілікті жас ойыншыларды дамытуға бермек.

Клубтың бұл шешімі қаржылық мүмкіндіктерді тиімді қолдану және ұзақ мерзімді стратегияны қайта құру қажеттілігімен байланыстырылып отыр.

"AKAS” басшылығының ойынша, төменгі лигада ойнау жас футболшыларға ойын уақытын көп беріп, олардың кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасайды.

Алматылықтар қысқа мерзімді нәтижеден гөрі, басқаруы тұрақты, инфрақұрылымы дамыған, өз мектебіне сүйенетін клуб моделін қалыптастырмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров