Алматы ұжымы ҚФФ қарамағындағы барлық турнирлерге қатысудан бас тартты.
Кәсіби лигаларда өнер көрсетіп жүргендеріне 3 жылдай уақыт болған команда аз уақыт ішінде бірқатар белестерді бағындырды. Клуб 2024 жылы Екінші Лигада топ жарып, 2025 жылы Бірінші Лигада бақ сынасуға мүмкіндік алды. AKAS ұжымы арқылы 20 жастағы Аруп Саутов өзің жақсы қырынан көрсетіп, жоғары деңгейдегі клубтарға ауысуға дайын екенін дәлелдеді.
Қазірде команда бір жыл уақытқа таратылып, ойыншылар жергілікті ұжымдарға қаралымға жіберілді.
Еске салсақ, AKAS командасы Бірінші Лиганың өткен маусымында 26 тур қорытындысы бойынша 33 ұпай жинап, турнир кестесінде 9 орынға тұрақтады. Команда “Түркістан” ұжымынан кейінгі жұмысын тоқтатқан кезекті қазақстандағы ұжым атанып отыр.
Біздің серіктес: FONBET