Футбол жұлдыздарының балалары көбінесе өздерінің әкелерінің қол астында ойнайды. Кейбір жаттықтырушылар балаларын сәтті ойната алады. Ал кейбіреулері тіпті негізгі құрамға кіруге рұқсат бермейді. Біз бүгін әкесінің қол астында ойнаған ойыншыларды еске түсіретін боламыз.
Чезаре Мальдини - Паоло Мальдини (Италия құрамасы)
Италия ұлттық құрамасын 1998 жылғы әлем чемпионатына Чезаре Мальдини дайындады, ол құраманың бас бапкері болған Арриго Саккиді алмастырды, Сакки 1996 жылғы Еуропа чемпионатында сәтсіздікке ұшыраған болатын. Чезаре Мальдини бапкер қызметіне тағайындалған уақытта оның ұлы Паоло ұлттық құраманың капитаны міндетін атқарушы еді. Әкесінің басшылығымен "Миланның" сол жақ қорғаушысы құрама үшін 22 матч өткізді. Әлем чемпионатына жолдама алған Чезаре Мальдини бастаған Италия құрамасы ширек финалға дейін барды, онда олар болашақ әлем чемпиондары - Франция құрамасынан пенальти сериясында жеңіліп қалды. Матчтан кейін Чезаре бірден отставкаға кетті, ол ұлттық құрамада ешқашан ойыншы ретінде де, жаттықтырушы ретінде де жетістікке жете алмады. Айтпақшы, оның ұлы Паоло Мальдини де Еуропа мен әлем чемпионын жеңе алмады.
Данни Блинд - Дейли Блинд (Нидерланды құрамасы)
Данни Блинд өзінің ұлы Дейли Блиндті Нидерланды құрамасына үнемі шақыратын. Оның басшылығымен қорғаушы 14 матч өткізіп, бір нәтижелі пастың авторы атанды. Бұрынғы «Аякс» қорғаушысына Еуро-2016 іріктеу турнирінен өту тапсырмасы берілген болатын, бірақ Данни топта төртінші орын алып, турнирге жолдама ала алмай қалды. Голландия екі рет Исландия мен Чехиядан жеңіліп, Түркиядан үш гол жіберіп алды. Нидерланды құрамасы соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет Еуропа чемпионатына барған жоқ, сондықтан Блинд бас бапкер қызметінен босатылды.
Оның ұлы Дейлге келетін болсақ, ол Рональд Куманның басшылығымен ұлттық құрамада ойнауды жалғастыруда, үнемі негізгі құрамнан көрініп жүр.
Йохан Кройф - Йорди Кройф ("Барселона")
14 жасар Йорди Кройф 1988 жылы Йохан Кройфтың "Барселонаның" бас бапкері ретінде оралуымен Каталониялық клубтың академиясына түсті. Алты жылдан кейін ол Испания Суперкубогында «Сарагосаға» қарсы матчында "Барселона" үшін алғашқы ойынын өткізді.
Әкесінің басшылығымен Йорди "Барселона" үшін 52 ойын өткізіп, 11 гол соқты. Бірақ 1994/1995 және 1995/1996 жылғы маусым ұлы голландиялық бапкер үшін өте сәтсіз болды: екі жылда бірде-бір кубок жеңе алған жоқ. 1996 жылдың жазында ол командадан кету туралы шешім қабылдады. Онымен бірге Йорди де Испаниялық клубтан кетіп, «Манчестер Юнайтедпен» келісімшартқа отырды. Екі сәтсіз маусымға қарамастан, Йохан Кройф бас бапкер ретінде клубты ұзақ уақыт жаттықтырған бапкер атанды. Бірақ оның жеңіп алған титулдар саны бойынша рекордын (11 кубок) кейінірек "Барселона" клубымен бірге 14 кубок жеңіп алған өзінің сүйікті шәкірті Гвардиола бұзды.
Алекс Фергюсон - Даррен Фергюсон ("Манчестер Юнайтед")
Даррен Фергюсон әкесінің арқасында алғашқы дебютін 1990 жылы "Манчестер Юнайтед" академиясын аяқтағаннан кейін жасаған. Алайда жартылай қорғаушы әкесі Алекс Фергюсонның басшылығымен ойнай алмады. 1992/1993 жылғы маусымда ол «Қызыл сойқандар» үшін 15 матч өткізіп, жарақат алған Брайан Робсонды алмастырды. Робсон алаңға қайта оралған соң, Алекс Фергюсон ұлын екінші құрамға отырғызды.
Дегенмен, Даррен мен оның әкесі Премьер-лигадағы алғашқы чемпион, сонымен қатар Англия Суперкубогының иегері атанды. Келесі маусымда Даррен Премьер-лигада үш ойын өткізіп, алаңдағы орнын жоғалтып алды. «Манчестер Юнайтед» басшылығы ойыншыны сатуға шешім қабылдады, ол 1994 жылдың жазында "Вулверхэмптонға" ауысты.
Зинедин Зидан - Энцо Зидан және Лука Зидан ("Реал Мадрид")
Зинедин Зидан өзінің ұлы Энцоны «Реал Кастилья» жаттықтырушысы болған кезде командаға қосты. Әкесінің басшылығымен Энцо "Реал Мадридтің" екінші командасы үшін 23 матч өткізіп, екі гол соғып, сегіз голдық пас берді. Корольдік клубтың негізгі командасы үшін де Энцо әкесінің арқасында дебют жасады, Испания Кубогының алғашқы матчында «Культураль Леонес» клубына гол соқты (6:1). Бұл ойын Энцо үшін "Реал Мадридтің" бірінші командасының жейдесіндегі алғашқы және соңғы ойыны болды. Қазір Зинединнің үлкен баласы Энцо «Альмерияда» өнер көрсетеді.
Екінші ұлы Лука Зидан 2017 жылы "Реал Мадридтің" ойындарына қатыса бастады. Әкесінің басшылығымен жас қақпашы "Реал Мадридтегі" алғашқы матчын Ла Лигадағы 2017/2018 жылғы маусымның соңғы турында «Вильярреалға» қарсы өткізді (2:2). Лука 2018/2019 маусымда "Уэскаға" қарсы екінші ойынын өткізді. Ол матчта Зиданның ұлы екі гол жіберіп алды (3:2). Осы жазда «Реалмен» келісімшартын аяқтаған 22 жастағы қақпашы, қазір еркін агент болып табылады.
Біздің серіктес: FONBET