Футбол агенті және функционері Тимур Гурцкая Адиевтің “Ахматағы” болашағына байланысты пікір білдірді.
“Соңғы ойындарда жеңіске жеткен “Ахматтың” РПЛ орнын сақтап қалуына мүмкіндік туды. Команданың жағдайы өз орнына келуде. Магомед Адиевтің жаңа маусымға қалғанын өз басым қалаймын. Жалпы маусым аяқталысымен бапкермен байланыс орнатып, оның алдағы жұмысына тоқталатын боламыз”, - деді Тимур Гурцкая.
Магомед Адиев ресейлік командада 5 сәуірден бастап қызмет атқарып келеді. Қазіргі сәтте команда жоғарғы лигада қалу үшін соңғы ойындарында барын салуда. Соның арқасында “Ахмат” қатарынан 2 ойында жеңіске жетті.
Біздің серіктес: FONBET