Грозныйлық ұжым РПЛ 21-турында тольяттилік "Акронмен" тең тарқасты.
“Самара Аренада” өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Матчтағы алғашқы голды алаң қонақтары “Ахмат” Георгий Мелкадзе мен Максим Самородов көмегімен соқты. Отандасымыз 28 жастағы ресейлікке нәтижелі пас берді. Сөйтіп 54 минутта Мануэль Келианомен ауысып, қосалқы құрамға кетті. 85 минутта “Акрон” 10 ойыншымен қалған “Ахматты” қыспаққа алып, ақыры дегенде, Артем Дзюба голы арқылы есепті теңестірді.
Қолда тұрған жеңісті жіберіп алған кездесуде тағы бір отандасымыз Ғалымжан Кенжебек қосалқы құрамда қалды.
Недегенмен бүгінде 1 ұпай алған “Ахмат” Ресей Премьер-Лигасындағы жеңіліссіз сериясын 3 матчқа жеткізді. Бұған дейін Стас Черчесов шәкірттері ЦСКА 1:0 есебімен жеңіп, “Локомотивпен” 2:2 есебімен 1 ұпайға қанағат етті.
Біздің серіктес: FONBET