Грозныйлық «Ахматтың» шабуыл өтінде ойнайтын албаниялық легионер Бернард Бериша өзінің командасының бас бапкері жайлы ойын айтты.
“Адиев өте жақсы бапкер. Оның тәжірибесі мол. Магомед Адиев Қазақстан Ұлттық құрама командасын жаттықтырады. Ал ең бастысы, ол бізге сенеді. Бапкеріміз бір-бірімізді қолдайтын уақыттың жеткенін дәлелдеуде», деген еді Б.Бериша.
Естеріңізге салсақ, РПЛ 25-турында Грозныйлық клуб сырт алаңда «ЦСКА» командасымен ойнап, 1:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл, Магомед Адиевтің бас бапкер ретінде «Ахматтағы» алғашқы жеңісі болатын. Оған дейін Грозный қаласының командасы премьер-лигада қатарынан екі рет және Ресей Кубогінде бір рет жеңіліс тапқан. РПЛ-дің аяқталуына дейін “Ахмат” әлі алты кездесу өткізеді. Грозныйлық команданың келесі матчы «Сочиге» қарсы болады. Бұл ойын сәуірдің 25-не жоспарланған. Магомед Адиевтің командасы РПЛ-дің 25 турынан кейін 15-орында келеді. Ал бірінші орынға жеке дара Нұралы Әліптің «Зениті» орналасқан.
Біздің серіктес: FONBET