Жарнама
Жарнама

«Ахматтың» бас бапкерлігіне үміткер анықталды

02.09.2024, 16:35

Грозныйдың «Ахматын» жаттықтырған Магомед Адиевтің орнына Сергей Игнашевич тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ, ресейлік команданың тізгінін ұстауы мүмкін үміткерлер қатарында Сергей Ташуевтің де есімі бар екені мәлім. Сергей Ташуев осыған дейін де грозныйлық команданың тізгінін ұстағанын айта кету керек.

Магомед Адиев
Жарнама
Жарнама

Естеріңізге сала кетейік, Сергей Игнашевич осыған дейін калининградтық «Балтиканы» жаттықтырды. Ресейлік маман калининградтық ұжымды үш маусым баптап келген болатын. Сергей Игнашевич “Балтикамен” РПЛ-дің өткен маусымын 15-орынмен аяқтап, бірінші лигаға төмендеген соң, өз орнын босатқан. Ал Магомед Адиев болса «Ахматқа» дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырды. Оның орнын отандасы Станислав Черчесов басқан болатын.         

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров