Грозныйдың "Ахмат" футбол клубының бас директоры Ахмед Айдамиров команданың бас бапкері Магомед Адиевтің болашағы туралы сұраққа жауап берді
"Адиевті алып қалуға бар күшімізді саламыз",- деген А. Айдамиров бас бапкердің жұмысына көңілі толатынын жеткізді. Естеріңізде болса, РПЛ-дің өткен 27-турында "Ахмат" сырт алаңда "Краснодарды" ұтып кетті. Сенсацияға баланған бәсекеден кейін Грозныйлық команда турнирлік кестеде 10-орынға жайғасып, РПЛ-де қалу мүмкіндігін жақсарта түскен еді. Ал Магомед Адиевті клуб басшылығының дәл осы міндетті орындау үшін шақырғаны мәлім.
Магомед Мұсаұлы келгелі бері командасымен қатарынан 4 жеңіске жетіп, клуб қоржынындағы ұпай санын 32-ге жеткізді. Енді "Ахмат" келесі турда 10-мамырда "Крылья Советовпен" кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET