Қазақстан жастар құрамасы мен "Сочидің" 22 жастағы жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров қостанайлық "Тобылдың" оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Акмаль Бахтияров 2019 жылдың қаңтарында "Сочиге" ауысып, екі жыл ішінде 11 матч өткізді (370 минут), алаңға көбінесе матчтың соңында шықты. Ойыншының "Сочимен" жарамды келісімшарты бар, сондықтан ол "Тобылға" жалдау шарты бойынша ауысуы мүмкін.
Жартылай қорғаушы бұған дейін армениялық "Ноа" және "Қайраттың" жастар құрамасында ойнаған.
Біздің серіктес: FONBET