Жарнама
Жарнама

Акмаль Бахтияров «Сочиден» кетті

01.03.2021, 16:11
Бахтияровтың ресейлік клубпен келісім-шарты 2022 жылға дейін есептелген.
Жарнама
Жарнама

22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Акмаль Бахтияров қысқы трансферлік кезең жабылар тұста (25 ақпан) "Сочидің" құрамынан шығарылды, деп хабарлайды РПЛ-дің ресми сайты.

Бұған дейін Бахтияровтың қостанайлық "Тобыл" командасына қаралымға келген болатын. Бірақ жас футболшы Бабаянның көңілінен шықпаған секілді. Спорттық сайттар өз кезегінде Бахтияровтың "Жетісуға" ауысатынын жарыса жазуда.

Акмаль Бахтияров "Сочиге" 2019 жылдың қаңтарында ауысып келді. Екі жыл ішінде ол ресейлік клубта 11 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ. Бұған дейін қазақстандық футболшы армениялық "Арцахта", сондай-ақ өзі тәрбиеленуші болып табылатын "Қайраттың" жасөспірімдер құрамасында ойнады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров