Жарнама
Жарнама

Аксель Витсельдің қай клубқа ауысатыны белгілі болды

28.06.2022, 16:03
Бельгиялық футболшы еркін агент атанған болатын.
Жарнама
Жарнама

«Атлетиконың» президенті Энрике Сересо бельгиялық жартылай қорғаушы Аксель Витсельдің мадридтік клубқа келетінін растады.

«Біздің командаға Витсель қосылады, барлығы дерлік дайын. Ресми хабарламаға дейін бірнеше күн немесе бір апта күтуіміз керек. Енді біз қорғаушы іздейтін боламыз», — деді Сересо Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Витсель «Боруссиямен» келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты еркін агент атанды. Доитмундтық клуб үшін жартылай қорғаушы 144 матчқа қатысып, 13 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді. Бұған дейін Витсель «Бенфика» мен «Зенит» клубтарында ойнаған.

Өткен маусымда «Атлетико» Ла Лиганые турнирлік кестесінде үшінші орынға табан тіреген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров