АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребесі Вашингтон қаласындағы Кеннеди атындағы өнер орталығында ұйымдастырылатынын мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеребесі 5 желтоқсанда өтетіндігін хабарлады.
2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде өтеді: АҚШ, Канада және Мексика. Турнирге 48 ұлттық құрама қатысып, олар 12 топқа бөлінеді, әр топта төрттен команда болады. Әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне топтағы алғашқы екі орын алғандар және үшінші орындағы үздік сегіз команда жолдама алады. Бұдан бөлек, 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/16 финал атты жаңа кезең енгізілді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде алдағы 4 қыркүйекте Уэльс құрамасын қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET