Бұған қос мемлекет басшысының кездесуі сеп болмақ.
Қазірде АҚШ пен Ресей басшысы өз елдері арасында жолдастық кездесу өткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Көршілес елдің БАҚ өкілдері Дональд Трамптың ықпалымен Ресей еуро аренаға қайта оралуына мүмкіндік туады деп жарыса жазуда. Неге десеңіздер? АҚШ президентінің әлемдегі ықпалы мықты. Егерде келе жатқан Әлем чемпионаты қожайыны елі ФИФА мен УЕФА-ға еш бастарта алмайтын тиімді ұсыныс жасаса, онда Ресей көп ұзамай қайта әлемдік футболдың бір мүшесі атанбақ.
Мәселен, Палестинаға қарсы соғыс ашып, бар озбырлығын көрсетіп жатқан Израиль мемлекеті әлі де Еурододалардан шеттетілмеді.
Алдағы уақытта АҚШ пен Ресей арасындағы жолдастық кездесудің нүктесі қойылып жатса, қос президент ФИФА мен УЕФА қауымдастығымен болған арадағы байланысты нығайту мәселесін көтермек.
Біздің серіктес: FONBET