Биылғы Әлем чемпионатының тағдыры қыл үстінде, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жанкүйерлер мен халықаралық қауымдастық АҚШ-та өтетін турнирге жаппай бойкот жариялауға шақыруда.
Венесуэла дағдарысы және "Қос стандарт"
Бұл наразылықтың басты себебі — АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған әскери шабуылы. Әлеуметтік желі қолданушылары мен футбол фанаттары ФИФА-дан әділдікті талап етіп, АҚШ-ты турнир өткізуші елдер тізімінен шығаруды сұрап жатыр. Олардың ұсынысы — барлық матчтарды көршілес Канада мен Мексикаға ауыстыру.
Ресейді шеттетті, ал АҚШ неге жазасыз?
Жанкүйерлер арасында ең көп талқыланып жатқан мәселе — халықаралық спорттағы теңсіздік. Көпшілік мынадай өткір сұрақтар қоюда:
• Неліктен Украинадағы жағдайға байланысты Ресей құрамасы барлық жарыстардан шеттетілді?
• Неге Венесуэладағы әскери қимылдар АҚШ-тың спорттық мәртебесіне ешқандай әсер етпей отыр?
Бұл сұрақтар ФИФА мен халықаралық спорт ұйымдарының беделіне үлкен нұқсан келтіріп, "қос стандарт" саясатын әшкерелеуде.
Оңтүстік Американың қатаң позициясы
Егер АҚШ-қа қарсы шара қолданылмаса, футбол жанкүйерлері Оңтүстік Американың барлық елдерін бірігуге шақырды. Олардың жоспары — Әлем чемпионатына қатысудан жаппай бас тарту. Егер Бразилия мен Аргентина бастаған футбол алпауыттары турнирге бармайтын болса, бұл Әлем чемпионатының деңгейін түсіріп, тарихындағы ең сәтсіз додаға айналдыруы мүмкін.
Әзірге ФИФА ресми мәлімдеме жасауға асығар емес. Бірақ күн санап өсіп жатқан наразылық толқыны футбол шенеуніктерін тығырыққа тіреп қойғаны анық.
Біздің серіктес: FONBET