Жарнама
Жарнама

“Ақшасын алдың ба — айтқанын істе!” – FIFA Series бізге не үшін керек?

Бүгін, 15:05

"Астана" және Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов Қазақстан футболындағы соңғы жаңалықтарға қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ол Қазақстанның FIFA Series турниріне қатысуын заңды құбылыс деп есептейді.

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Стоилов бұл мәселенің астарында үлкен қаржылық мүдде жатқанын меңзеді. Оның айтуынша, ұйымнан көмек алған соң, оның талаптарын орындау — міндет.

"ФИФА-дан өздеріңізді қаржыландыру үшін қомақты қаражат күтіп алып, оны алғаннан кейін, сол ұйым көрсеткен турнирлерге қатысу — әбден табиғи нәрсе.” — деп мәлімдеді Стоилов Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

FIFA Series — бұл ФИФА-ның қолдауымен түрлі конфедерациялардың құрамалары арасында өтетін жолдастық кездесулер сериясы. Стоиловтың пікірінше федерация ФИФА-ның көмегін алып отырғандықтан, мұндай турнирлерден бас тарту мүмкін емес.

"Қазақстан үшін бұл басқа құрлық командаларымен күш сынасудың таптырмас мүмкіндігі. Бұл жай ғана футбол емес, халықаралық ұйым алдындағы есеп беру секілді процесс.” – деп түйіндеді бапкер.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров