"Ақсу" Ресейлік шабуылшыны алды

25.02.2024, 16:06

"Ақсу" командасы шабуылшы Никита Шершневпен келісімшартқа отырды. Ресейлік футболшы осыған дейін "Тұранның" намысын қорғаған болатын. 

Өткен маусымда Шершнев командасының қатарында бірінші лигада 18 ойынға қатысты. 2 рет мергендік танытып, 12 голдық пас шығарған. Айта кетейік, ресейлік футбошы "Ордабасының" да жейдесінде өнер көрсеткен еді.