“Целе” командасы ішкі чемпионатта “Марибормен” тең тарқасты (3:3:).
Бірінші Лиганың 19-турына жоспарланған ойын Марибордағы Людски Врт стадионында ойнатылды. Кездесуде алаң қожайындары сапынан Самбрано, Пежичич, Репас (пен) көзге түссе, ал қонақтардан Иосифов, Сеслар, Кучис гол авторлары атанды. Осылайша “Целе” ұжымы Бірінші Лигадағы жеңіліссіз сериясын 6 матчқа дейін ұзартты. Қазірде команда 44 ұпаймен турнир кестесінде жеке дара көш бастап тұр.
Айтпақшы, бүгіннен кейін “Целе” бас бапкері болған Альберт Риера қызмет орнын ауыстарады. “Ливерпульде” ойнаған экс-футболшы Бундеслигадағы “Айнтрахт” командасына шақыртылды. Еске салсақ, 2022 жылы Ақсу ҚПЛ дебют жасаған маусымда спорттық директор Алихан Лесов дәл осы Альбертті клуб бапкері қылған болатын.
Айта кетейік, Риера командадан кеткен уақытта “Целе” тізгінін “Астанада” біраз жылдар бойы доп тепкен Иван Маевский ұстайтын болады. Қазақстанның үш дүркін чемпионы алдында Словениялық клубты көш басында сақтап, лигада жеңімпаз қылу мақсаты тұр.
Біздің серіктес: FONBET