"Ақсуға" Албаниялық футболшы ауысты

26.02.2024, 18:56

Өткен маусымды "Каспий" қатарында өткізген Шкиприм Таипи мансабын "Ақсуда" жалғастыруды жөн көріпті.

Өткен маусымды "Каспий" қатарында өткізген Шкиприм Таипи мансабын "Ақсуда" жалғастыруды жөн көріпті. Жартылай қорғаушының сонымен қатар грекиялық азаматтығы да бар. "Ақсудың" жаңа ойыншысы Албанияның "Кукеси"," Скендербеу" сынды біраз командаларында өнер көрсеткен. Футболшының нарықтағы құны 250 мың еуроны құрайды.