Маңғыстау облысының әкіміне жаңа жоба таныстырылды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға өңірдегі спорттық инфрақұрылымды дамыту аясында 10 мың орындық жаңа футбол стадионының жобасы таныстырылды.
Жоба тек футбол алаңымен шектелмейді. Ол халықаралық стандарттарға сай келетін көпфункционалды кешен ретінде жоспарланған.
Көрермендер үшін заманауи әрі қауіпсіз трибуналар мен инфрақұрылым.
Негізгі футбол алаңынан бөлек, мұнда спорттық-сауықтыру кешені, жаттығу залдары мен спортшылардың денсаулығын қалпына келтіру аймақтары қарастырылған.
Барлық инженерлік және сәулеттік шешімдер кәсіби спортшылардың дайындығына және жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаның егжей-тегжейін тағы да пысықтап, құрылысты кезең-кезеңімен іске асыруға уағдаласты. BAQ KZ агенттігінің хабарлауынша, бұл стадион тек спорттық нысан ғана емес, аймақтың архитектуралық келбетіне де ерекше көрік беретін маңызды жоба болмақ.
Біздің серіктес: FONBET