“Ақтөбе” ФК 26 жастағы Дорни Ромеромен келісімге келді, деп жазады Аладоп.кз.
Доминикандық футболшы “ақ-қызылдармен” үш жылдық келісімшартқа отырды.
Дорни өз мансабында соңғы рет “Олвэйз Рэди” командасында доп тепті. Ол аталған ұжым сапында бір маусым қорытындысы бойынша 25 гол соғып, Боливия чемпионатының үздік сұрмергені атанды.
"Олвэйз Рэди" командасы Ромероның арқасында Либертадорес Кубогының үшінші кезеңіне дейін жетті. Алайда “Ақтөбе” ойыншысы атанған Дорни боливиялық клубқа еш көмектесе алмайды. Команда келер ойындарына басқа шабуылшы қарастырады деген ақпараттар жоқ емес.
Біздің серіктес: FONBET