Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» бас бапкері клубтағы соңғы сөзін айтты. Келесі кім? Басты кандидаттың есімі белгілі секілді

11.08.2025, 11:15

«Ақтөбенің» бас бапкері Вячеслав Левчук 20-турда «Елімайға» қарсы өткен ойынды қортындылап, пікірімен бөлісті.

"Елімай" - "Ақтөбе" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Кеше ақтөбеліктер сырт алаңда 1:2 есебімен ұтылған болатын.

 «Әрине, нәтиже көңілден шықпайды. Неге бұлай болды, дәл қазір оның салдарын тап басып айту қиын. Біз «Елімайдың» ойынын қарап, зерттеген болатынбыз. Алғашқыдағы нұсқама – қарсылас жақсылап қыспаққа алып, шабуыл бастауға мүмкіндік бермейді екен, сол үшін допты бірден шабуылшыға алыс пастармен жеткізу тәсілін ойластырдық. Даниэль Соса бірінші таймда әуедегі күрестің 70 пайызында жеңіске жеткенімен, өкінішке қарай, одан нәтиже шығара алмадық. Үзілістен кейін осы олқылықтың орнын толтыруға тырысқан болатынбыз, бірақ, өкінішке қарай, қарсылас бізді екі рет жазалап кетті. Нашар нәтиже. Түсінікті, мұндағы жауапкершілік менің мойынымда», - деді украиналық маман клубтың баспасөз-қызметіне.

ҚПЛ-дің 20-турынан кейін 33 ұпаймен 4-орынға жайғасуда. Келесі турда команда «Ожетпесті» қабылдайды. Бұл бәсеке 17-тамызға жоспарланған.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров