«Ақтөбенің» бас бапкері Вячеслав Левчук Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Легияға» қарсы кездесу жайлы пікірін айтты.
«Ертеңгі ойынды тағатсыздана күтеміз. Менің командам матчқа дайын. «Легияны» жеңу үшін қолдан келгеннің барлығын істейміз. Ертең бізге клубымыздың ғана емес, бүкіл Қазақстан футболының абыройы үшін күресуге тура келеді. Кездесу ең жоғары деңгейде өтеді деп үміттенемін», - деді В. Левчук «Legionisci.com» басылымына.
Командалар бүгін түн ауғанда Варшавада кездеседі, жауапты ойын 17-шілдеде Ақтөбеде болады.
Біздің серіктес: FONBET