Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” бас бапкерімен қош айтыспақ

09.11.2025, 11:30

"Ақтөбе" әйелдер командасы бас бапкері Александр Семёновпен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. 

Жарнама
Жарнама

Дәл осы маман командаға көптен күткен чемпиондық атақты сыйлаған еді.

BAD FOOTBALL телеграм арнасының мәліметінше бапкердің соңғы уақытта клуб басшылығымен  қарым-қатынас күрделене түскен. Белгілі болғандай, Семёнов басшылық туралы пікірін ашық айтып, кейде камера алдында сын айтудан да тартынбайтын көрінеді. Бұл жағдай клуб ішіндегі сенімге сызат түсірген.

Сонымен қатар, шешімге "Ақтөбе" әйелдер командасының барлық ойыншысы бірдей риза емес. Әсіресе, ұжымның кейбір жетекші ойыншылары бапкердің кетуіне қарсы болып, тіпті өз болашағын басқа клубтарда жалғастыруды ойластыруда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров