1975 жылы қолданысқа берілген “Ақтөбедегі” Орталық стадион Премьердің бірінші кездесулерін өткізуге дайын емес.
Николай Костов баптайтын команда ҚПЛ 1-турында “Тобылды” “Түркістан Аренада” қабылдайтын болды. Бұған себеп, “Ақтөбедегі” Қобыланды Батыр атындағы спорттық нысанның суық мезгілде матчтарды қабылдай алмауы болып отыр. Ал ақ-қызылдардың қосымша спорт мектебіндегі алаңы Нани секілді әлемдік жұлдыздардың өнер көрсететін стадионы деңгейіне жатпайды. Сол себептен, “Ақтөбе” алғашқы ойындарын Түркістан жерінде қабылдайды.
Тек 5-турдан бастап ақ-қызыл жейделі ұжым өз қарсыластарын Орталық алаңда қабылдай алады.
Айта кетейік, 1-тур кездесуінен кейін “Ақтөбе” Алматыда Чемпиондар Лигасында бір атой салған “Қайратпен” кім мықтыны анықтайды. Одан кейін, клуб Түркістанға қайтып оралып, семейлік “Елімайды” қонақ етеді.
Еске салсақ, Премьер-Лига ойындарының күнтізбесін жасанды интеллект тізбектеп берді.
Біздің серіктес: FONBET