Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” ФК кезекті трансфер күтілуде

Абнард Мехмети келер маусымда ақ-қызыл жейделі ұжымның намысын қорғайды.

Жарнама
Жарнама

25 жастағы тіреуіш жартылай қорғаушы өз мансабын өз отанындағы “Вуштрия” командасында бастаған. 2022 жылы Абнард албаниялық Эрзениге ауысып, онда барлығы 38 матч өткізді. Арада бір жыл өткен соң, Мехмети “Партизанимен” келісімге келді. 2023/24 жылғы маусым қорытындысы бойынша Абнард Албания Суперкубогының жеңімпазы атанды. 

Бойы 1,90 см құрайтын жартылай қорғаушы керек болса, орталық қорғаушы позициясында да өнер көрсете алады. Осы маусымда Мехмети 23 ойын өткізіп, 6 гол мен 1 голдық пас берді. 

Жалпы “Ақтөбе” клубы осы трансферлік ауысым барысында албанияның "Эгнатия" ұжымымен орталық қорғаушы Арбенит Джемайлимен келісімге келгенін біздің портал жазған болатын.

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: