Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” футболшыларына “Астананы” жеңуі үшін қосымша сыйақы уәде етілді

Бүгін, 13:33

Қазақстан Премьер лигасының 14-туры аясында өтетін “Ақтөбе” мен “Астана” арасындағы орталық матч қарсаңында Ақтөбелік клубтың басшылығы өз ойыншыларына арнайы уәде берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Егер ертең өз алаңында елордалық ұжымды тізе бүктірсе, футболшыларға еселенген сыйақы төленетін болады. Турнир кестесінде қос команданың арасы тығыз орналасқандықтан, бұл кездесу қос тарап үшін өте маңызды рөл атқармақ.

Матч ертең, 21 маусым күні сағат 20:00-де Ақтөбенің “Орталық” стадионында өтеді. Матчқа бас төреші ретінде Данил Горда тағайындалған.

Турнир кестесінде “Астана” 22 ұпаймен 4-орында келе жатса, “Ақтөбе” 19 ұпаймен 7-сатыға жайғасқан. Ақтөбеліктер ертең жеңіске жетсе, елордалықтарды қуып жетіп, үздік үштікке жақындай түседі.

Бұл “Ақтөбе” басшылығының футболшыларды миллиондармен ынталандыруы бірінші рет емес. Естеріңізге сала кетсек, чемпионаттың алғашқы турында “Ақтөбе” өз жанкүйерлерінің көз алдында Қостанайлық “Тобылды” жеңгені үшін үш еселенген премиалдық сыйақы алып, қалталарын толтырған болатын. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров