"Қызыл-Ақтар" Кабо-Верде құрамасының вингері Илано Силваны сатып алды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Match KZ таратқан мәліметке сүйенсек, Ақтөбелік ұжым Нидерландық "Маастрихт" клубының ойыншысы Илано Силваны өз сапына қосты.
Трансфер құны мен келісімшарт
Илано Силваның "Маастрихт” клубымен 2027 жылға дейін жарамды келісімшарты болған. Алайда, "Ақтөбе" басшылығы ойыншыны толықтай сатып алып отыр.
Трансфер бағасы шамамен 200 000 еуро (шамамен 116,5 миллион теңге).
Transfermarkt мәліметі бойынша, ойыншының бағасы 350 000 еуроға бағаланған.
Илано Силва деген кім?
23 жастағы футболшы Нидерландының Роттердам қаласында дүниеге келген, бірақ тарихи отаны — Кабо-Верде құрамасының намысын қорғайды.
Бойы 1,85 метр. Екі аяғымен де бірдей шебер ойнай алатын әмбебап вингер.
Нидерландының атақты "Фейеноорд” және "Спарта Роттердам” академияларында тәрбиеленген.
2024/25 жылғы маусымда "Маастрихт" сапында 35 матч өткізіп, 6 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
Илано Силва — Кабо-Верде ұлттық құрамасының мүшесі. 2025 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, ол өз елінің бас командасында алғашқы ойындарын өткізіп үлгерген. Оған өткен жазда Шотландияның "Абердин” клубы тарапынан қызығушылық болғанына қарамастан, футболшы мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруды жөн көрді.
Біздің серіктес: FONBET