Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” келесі маусымда “Астананың” моделін қолданбақ

21.11.2025, 16:35

"Ақтөбенің" жаңа басшылығы құрамды айтарлықтай күшейтіп, титулдар үшін күресуге мүмкіндік беретін қуатты легионерлерді әкелуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

2026 жылғы маусымнан бастап клубтарға тек 10 легионерді тіркеуге рұқсат беріледі. AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше "Ақтөбе” маусымды 9 легионер + 2 қазақстандық ойыншымен бастау мүмкіндігін қарастыруда. Бұл — өткен маусымда "Астана" жиі қолданған схема.

Клуб басшылығы легионерлерге сүйену жеткіліксіз екенін жақсы түсінеді. Сол себепті "Ақтөбе” параллель түрде қазақстандық негізгі ойыншыларды күшейту, кез келген легионердің орнын баса алатын сапалы отандық футболшыларды тарту, жергілікті құрамды тереңдету жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұл тәсіл клубқа ұзақ маусымда тәуекелді азайтуға, жарақат немесе дисквалификация кезінде сапаның төмендеп кетпеуіне көмектеседі.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров