Ресейлік орталық шабуылшы жыл соңынс қарай қазақстандық ұжыммен қоштасады.
26 жастағы ойыншы 2024 жылдан бері “Ақтөбе” сапында өнер көрсетіп келеді. Идрис жалпы алғанда ақ-қызылдар сапында 65 матч өткізіп, 11 гол мен 12 голдық пас берді.
Қазақстандық клубпен бірге Умаев өз мансабындағы алғашқы трофейін жеңді. Атап айтсақ, 2023/24 жылғы маусымда шабуылшы “Ақтөбе” жейдесінде Қазақстан Кубогы иегері атанды.
Естеріңізде болса, ресейлік 2023 жылы қарағандылық Шахтер сапында да өнер көрсетті. Онда ол кеншілер үшін 15 матч өткізіп, 7 гол мен 2 голдық пас берді.
Біздің серіктес: FONBET