Шабуылшы Абылайхан Жұмабек “Ақтөбе” клубынан кетті.
22 жастағы ойыншы 2023 жылдың басында “ақ-қызылдар” сапын толықтырып, барлық турнирлердегі 22 матчта 1 гол соқты және бір нәтижелі пас берді. “Ақтөбемен” бірге форвард Қазақстанның қол жүлдегері атанды.
Футболшы қазіргі сәтте “Жетісу” командасының сапында жүр.
Трансфермаркет Жұмабекті 200 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET