Ақ-қызылдардың жанкүйерлері биылғы маусымда да өз командасын қызу қолдап келді.
Жалпы бір маусымда сатылған билеттер қорытындысы бойынша “Ақтөбе” өз бюджетіне 300 млн теңгедей пайда тапқан. Оған Батыс командасының өз алаңында өткізген кездесеулері мен Еурокубоктік ойындары кірген. Мәселен “Ақтөбенің” бір еуродода аясында тапқан қаражатының өзі 700 мың еуродан асып-жығылады.
Әрине, команданың бұндай қаражат табуының кепілі - жергілікті жанкүйерлер екені анық. “Ақтөбе” жерінің адамдары қашанда болсын өз ұжымын қолдаусыз қалдырмаған.
Айта кетейік, ақ-қызылдардың Қобыланды батыр атындағы стадионына чемпионат барысында жалпы алғанда 120 мыңдай адам келген. Бұл ішкі чемпионатта 137 мың адам жинаған “Астанадан” кейінгі екінші көрсеткіш.
Біздің серіктес: FONBET