Аугустин Пасторице ақ-қызылдар ұжымымен келісімге келді.
29 жастағы аргентиналық испанияның Понтеведра клубының түлегі. Аталған ұжымнан кейін қаптал вингері “Бетис”, “Овьедо”, “Корухо”, “Оуренс”, “Бургос”, “Арентейро”, “Культ Леонеса” ұжымдарына қосылып, өнер көрсетті.
2021 жылы ол Испания аумағынан тыс жерге шығып, финляндияның “Интер” командасы жейдесінде 9 матч өткізіп, 1 гол соқты.
2025/26 жылғы маусымда Пасторице Сегунда мен Испания Кубогын қосқанда, 16 матч өткізіп, 2 гол мен 2 голдық пас берді.
Transfermarkt порталы Аргентина жастар құрамасының экс-ойыншысын 300 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET