“Ақтөбе” командасының шабуылшысы өз құрамасындағы ойынын өткізді

Доминикан Республикасы ӘЧ іріктеу кезеңінің алғашқы турында Ямайкаға 1:0 есебімен есе жіберді.

ӘЧ іріктеу кезеңі

Ямайка 1:0 Доминикан Республикасы

Гол: Шамар Николсон 16’

“Ақтөбе” командасының шабуылшысы Дорни Ромеро аталған ойынды бастапқы құрамда бастап, толық матч өткізді. 

Өз елінің құрамасы үшін 30 ойында 12 гол соққан Дорни “кискейанос” тарихындағы үздік үшінші сұрмерген. 

Айта кетейік, Доминикан Республикасы ӘЧ іріктеу кезеңі аясындағы келесі кездесуін 12 маусым күні Британ Виргин аралардарына қарсы өткізеді. 

 

Материалда: