"Ақтөбе" Даниялық орталық қорғаушы Якуб Кийлерихті өз қатарына қосуға күш салып жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша, Ақтөбеліктер Кийлерихпен келіссөздерді Талғат Кусяпов жарақат алғанға дейін-ақ бастаған болатын. Алайда, Кусяповтың ескі жарақаты сыр беріп, саптан шығуы клуб басшылығын бұл процесті жеделдетуге мәжбүр етті. Қазіргі уақытта тараптар арасындағы келісім шешуші кезеңге өткен.
25 жастағы Дания тумасы кәсіби мансабын туған жеріндегі "Хорсенс" академиясында бастаған. Ол жас кезінен-ақ (U17 деңгейінде) өз командасының үздік ойыншысы ретінде көзге түскен.
– Дания: Үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын 2019 жылы "Колдинг” сапында жасады.
– Швеция: 2024 жылы Швецияның жоғарғы дивизионындағы (Allsvenskan) "Мьельбю” клубына ауысып, өзін нәтижелі қорғаушы ретінде көрсетті. Дебюттік ойынында-ақ гол соғып, кейіннен "Кальмарға” қарсы матчта жеңіс добын авторланған.
– Бельгия: 2025 жылдың тамызында Кийлерих Бельгияның "Зюлте-Варегем” клубымен келісімшартқа отырған болатын.
Кийлерих тек қорғаныста ғана емес, стандартты жағдайларда шабуылға қосылып, гол соғуға бейімділігімен танымал. Оның Швеция чемпионатындағы даулы голы (доптың иыққа немесе қолға тиюіне қатысты мәселе) оның соңына дейін күресетін қайсар мінезін көрсетсе керек.
Біздің серіктес: FONBET