Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” көздеген маман Әзербайжанда қала бермек

Бүгін, 15:32

Ақтөбелік ұжымның тізгінін ұстауға басты үміткерлердің бірі болған Украиналық маман Юрий Вернидуб "Нефтчиді" баптауын жалғастырады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе" басшылығы тәжірибелі бапкермен келісімге келуге тырысқанымен, Әзербайжан клубы  бапкерін жіберуден бас тартты.

2025 жылдың 09 желтоқсанында Юрий Вернидуб Бакудің "Нефтчи” клубымен ресми түрде келісімшартқа отырған болатын. 59 жастағы маман Әзербайжандық ұжыммен бір жарым жылға жарамды еңбек шартын жасасқан еді.

Айта кетейік, Вернидуб 2024/25 маусымы аяқталған соң Украиналық "Кривбасстан” кетіп, біраз уақыт жұмыссыз жүрген. 

Юрий Вернидуб — Еуропалық аренада есімі танымал маман.

Ол Молдовалық "Шерифпен" (2020-2022) бірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде сенсация жасап, Мадридтік "Реалды” тізе бүктірген болатын.

2022 жылы Украинадағы соғыс басталғанда, ол елге оралып, Қарулы Күштер қатарына қосылды.

2022 жылдың шілдесінде майданнан оралып, Кривой Рогтық клубты басқарып, оны жаңа деңгейге көтерген еді.

Осылайша, "Ақтөбе” бас бапкер лауазымына лайықты кандидаттарды қарастыруды жалғастырмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров