Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» - «Қызыл-Жар» кездесуіне болжам

27.09.2025, 17:47

«Ақтөбе» 23 матчта 39 ұпай жинап, дәл қазір турнирлік кестеде 4-орында.

«Ақтөбе» футболшыларының жаттығуы
Жарнама
Жарнама

Алаң иелерінің еншісінде 12 жеңіс, 3 тең ойын мен 8 жеңіліс. Доп айырмасы 33-22. Команда соңғы екі ойында ұтылып, үшінші орыннан кәдімгідей алыстап кетті. «Қайратпен» бәсекедегі сәтсіздікті түсінуге болатын болса 0-1, «Ұлытауға» қарсы сәтсіздіктің ақтөбелік жанкүйерлер көңілінен шықпағаны анық 1:2. Бүгін «ақ-қызылдардың» сол сәтсіздікті жуып-шаятын жақсы мүмкіндігі бар. Ал ол үшін міндетті түрде петропавлдықтардан айласын асырып, 3 ұпайды қанжығалау қажет. 

Милич Чурчич шәкірттері Семейде ұтылғаннан кейін 0:2, өткен турда «Оқжетпесті» сенімді жеңген болатын 3:1. Енді бүгін «Қобыланды батыр» атындағы стадионда сынаққа төзуге тура келеді. «Қызыл-Жар» 23 матчта 24 ұпай еншілеп, тоғызыншы орынға табан тіреген. Команданың алдында жоғары дивизионнан ұшып кету қаупі жоқ. Әйтсе де статусты қарсыласқа қарсы ойында қонақтарда мотивация тұрғысынан мәселе болмауы тиіс деп ойлаймыз. Одан кейін петропавлдық команда фавориттермен тәуір ойнайтындығымен де есте қалуда. «Ақтөбенің» соңғы кездегі нәтижелерін ескерсек, бүгін де солай болып қалуы ықтимал. 

Бұл бәсекеде голдардың жалпы тоталы 2.5-нан көп болады деп топшылаймыз. Бұған Fonbet.kz 2.08 коэффициент тарту етеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров