"Ақтөбе" басшылығы Еуропаның топ клубтарында өнер көрсеткен ойыншыларды қатарға қосуда, деп хабарлайды Aladop.kz..
Пьянич пен Нани: Тарихи рекордтық жалақы
Инсайды от Карпа телеграм арнасының мәліметінше "Барселона” мен "Ювентустың” бұрынғы жұлдызы Миралем Пьянич 35 жасында үлкен футболға қайта оралып, "Ақтөбемен" бір жылдық келісімшартқа қол қоймақ.
Сондай-ақ "Манчестер Юнайтедтің” аңызы, 39 жастағы Луиш Нани де Ақтөбеге қоныс аударуға жақын.
Инсайдерлердің айтуынша, бұл қос жұлдыз Қазақстан Премьер лигасының тарихындағы ең жоғары жалақы алатын футболшылар тізімін бастайды. Бұл трансферлер жүзеге асса, клубтың деңгейі ғана емес, бүкіл чемпионаттың имиджі жаңа белеске көтерілмек.
Мюллер неге бас тартты?
Трансферлік тізімде "Баварияның” символына айналған Томас Мюллер мен Ресейлік шабуылшы Федор Смолов та болған. Алайда, 36 жастағы неміс шеберімен келіссөздер соңғы сәтте тоқтап қалған көрінеді.
Мәлімет бойынша, Мюллер 2026 жылға дейінгі келісімшартқа қол қоюға дайын болған. Бірақ ол Қазақстан стадиондарының көбінде жасанды көгал төселгенін білген соң, жарақат алып қалу қаупінен сескеніп, келісімнен бас тартқан.
Айта кетсек, “Қызыл-Ақтардың” жейдесін кюі мүмкін екендігі айтылып жатқан тағы бір әлемдік жұлдыз Бразилиялық Халк.
Біздің серіктес: FONBET